QazElectrical.kz — электроэнергетика бойынша ақпараттар сайтына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР !!!

Асинхронды электр қозғалтқыштың құрылсы мен жұмыс істеу принципі

QazElectrical.kz   ►   01-09-2017  ►  Электр машиналары

СУРЕТ-Асинхронды қозғалтқыш

  Электр машиналары электр станцияларында, өндірісте, транспортта, авиацияда, автоматты басқару және реттеу жүйелерінде тұрмыста кеңінен қолданылады. Олар механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіреді. Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін машина генератор (өндіргіш) деп аталады. Электр энергиясын механикалық энергияға қозғалтқыш (двигатель) арқылы түрлендіреді. Кез келген электр машинасын әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде пайдалануға болады.


Реле туралы жалпы мәліметтер

QazElectrical.kz   ►   02-09-2017  ►  Релелік қорғаныс

СУРЕТ-Реле

  Энергетика, оның ішінде автоматика жүйелеріндегі ең көп тараған элементтердің бірі реле болып табылады.
  «Реле» − дегеніміз ол автоматика құрылғысы. Бұл құрылғы өзінің кіре берісіндегі сигнал белгілі бір деңгейге жеткенде ол жұмысқа қосылып, басқаратын тізбекті қайта қосады. Бұл дегеніміз – кіріc сигналы белгілі бір мәнге жеткенде шығыс сигналының секірмелі өзгерісі байқалатын құрылғы. Шығыс контактілер не тұйықталады – басқарылушы тізбекте тоқ (кернеу) пайда болады, не ажырайды.


Жел энергетикасы

QazElectrical.kz   ►   03-09-2017  ►  Баламалы энергия көздері

СУРЕТ-Жел энергетикасы

  Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.


Электр тізбегі және Кирхгоф заңдары

QazElectrical.kz   ►   04-09-2017  ►  Электротехника негіздері

СУРЕТ-Кирхгоф заңдары

  Кез келген электр тізбектің сұлбасындағы үрдістердің матеметикалық сипатталуы, Кирхгофтың бірінші және екінші заңдарының негізінде құрастырылған теңдеулердің көмегімен жасалуы мүмкін.

Электр тізбектеріндегі негізгі заңдылық Кирхгоф заңдары болып есептеледі. Олай болу себебі - тізбектерге жүргізілген қандай да талдау немесе есептеулер болмасын олардың барлығы Кирхгоф заңдарына сүйенеді. Сондықтан тізбектерді есептеудің түрлі тәсілдерін қарап жатпай, Кирхгоф заңдарын тікелей қолдануды қарастырса жеткілікті. Г.Р.Кирхгоф (1824-1887) неміс физигі, аталмыш заңдарды 1847 жылы тапқан.


Диодтардың түрлері

QazElectrical.kz   ►   05-09-2017  ►  Өндірістік электроника

СУРЕТ-Диодтардың түрлері

  Диод - екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр-түрлі өтімділігі бар электронды аспап.

Бір р-n өтпесінен тұратын және екі шығысы (сыртқа жалғанатын екі ұшы) бар жартылай өткізгішті диод деп аталады.

n — типті және p — типті екі жартылай өткізгіштерді бір — бірімен қоссақ, онда диод деген құралды аламыз. Бұл екеуін диодтың екі электроды деп атайды. Олар оң таңбалы анод пен теріс таңбалы катод. Диодтың ашық және жабық кездері болады. Ашық күйінде ол токты жақсы өткізеді де, жабық күйінде нашар өскізеді, тіпті өткізбейді деп айтуға болады. Егер де батереяның оң полюсын диодтың анодымен,ал теріс полюсын катодымен қоссақ, онда диод арқылы ток жүреді. Диодқа тура кернеу бергенде ток бірден көтеріледі. Яғни, диод ашылады. Ал кері кернеу бергенде ток өте аз мөлшерде болады, яғни диод жабық.


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 >> Жаңа тақырыптар